Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұздың жылу құбырын жаңартуға 13 млрд теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2023
  • 1334

Екібастұздағы жылудың жыры бітер емес. Барлық үйлерге жылу берілгенмен, пәтерлер жылитын емес. Тұрғындар үйдің суық екенін айтып, шағымдануда. Өңірге іс-сапармен келген Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов жылу орталығының жұмысымен танысты. Қазір орталықта 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Қосымша тағы екі қазандық резервке алынған.

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінде параметрлерін сұрасам, температураны 2-3 градус көбейтіп ұстап тұр енді. Бірақ бұл жерде көп мәселе бар. Әсіресе кейбір үйлерде подвалдағы суларды бәрін ағызып кетті де обраткеден. Сөйтіп жылуды дұрыс сақтай алмай отыр. Қалған үйлер перегрев деп жатырмыз. Кейбір үйлерге жылу жетіспей жатыр. Ондай жағдайлар бар.

Екібастұздағы апаттан кейін 18 шақырым жылу құбыры жаңартылған. Мамандар бұл 1 жарым ай ішіндегі жоғары көрсеткіш екенін айтады. Өйткені, өткен жылы тек 600 метр құбыр ауыстырылған болатын. Десе де барлық құбырды ауыстыру жылу маусымы аяқталған соң іске асады деп отыр. Бұл мақсатқа 13 млрд теңге жұмсалмақ. Ал жылу желілерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі де қарастырылып жатыр.

Дмитрий ЗАХАРОВ, «ЕКІБАСТҰЗ ЖЫЛУ ЭНЕРГО» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бір жылда 13 млрд. теңгені игере алмайтынымыз белгілі. Сондықтан биылғы жылы шамамен 6-7 млрд. теңгеге жылу құбырын жаңартатын боламыз. Жұмыс көлемі өте ауқымды. Сондықтан да кейбірін әлі пысықтап үлгермей жатырмыз.

Аян БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз бүгінгі барлық жылу желісін жергілікті органның меншігіне қайтару туралы жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бұдан бөлек жылу құбырын жаңғыру бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеу қызу жүріп жатыр.

Ө. Қуанар