Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өлімнен басқаның бәріне ем!»: аңыз ба, ақиқат па?

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2023
  • 2129

Биологиялық белсенді қоспаны ішсеңіз, ауруыңыздан айығып, белсенді боласыз! Мың дертке дауа сиқырлы дәрінің қазір жарнамасы жер жарып тұр. Дәрігердің нұсқауынсыз еркін сатылатын препараттар клиникалық зерттеуден өткен бе? Мамандар не дейді? Әріптесім Рабиға Бақытжанқызы анықтап көрді.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір ұйқым қанбай, тез әлсіреп, шаршап қалам. Достарым, әріптестерім мынадай дәрумен ішуге кеңес берді. 50-ден астам ауруға ем! 100% табиғи өнімді қабылдау үшін анализ тапсырып, дәрігерге көрінудің қажеті жоқ дейді.

Өздеріңіз байқағандай БАД-тың бағасы арзан емес. Және 1 құты емес, 6 құтыны бірден алуың керек. Бірақ кейбіреулер бұған қарап жатқан жоқ. 100% табиғи өнім өлімнен басқаның бәріне ем екеніне қатты сенеді. Сенбейтіндер де бар. Пікір әртүрлі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Мен 3 флаконын алдым. Где то 45 мыңға алдым. Жалпы бізге 12 флакон алу керек. Нәтижесі ноль. Ең жақсысы дәріхананың дәрілері. Әрі арзан, бірақ эффекті бар.

- Үйдегі отбасым, бала-шағам қолданады. Қайдағы жоқ врачтардың дәрілерінен қарағанда сол дұрыс негізі. Оны просто этапно ішу керек.

- Осыдан 3-4 жыл бұрын ішкенмін. Одан кейін ішкен жоқпын. Ешқандай эффект байқамадым.

- Мен ондайды алмаймын. Неге? Сенбеймін.

- Мен тек докторға сенемін.

Дәрігерлер биологиялық белсенді қоспаны ішпеген жөн дейді. Клиникалық зерттеуден өтпеген өнімнің тікелей де, жанама да әсері көп.

Айнұр ҮРКІМБАЕВА, КАРДИОЛОГ:

Ол тікелей бауырға токсикалық әсер етеді. Оны біз анализдерден көріп жатамыз. Бауыр негізі соңғы клеткасы қалғанға дейін, ешқандай сыр бермеуі мүмкін және оны науқас та білмей қалуы мүмкін. Соңғы стадиясына келген де ғана анықтауы мүмкін. Бұдан басқа да жүйелерге әсер етуі мүмкін. Зәр шығару жүйесіне. Жүрек қан тамырлары жүйесіне.

Соңғы уақытта бұл препараттарды тек денсаулықты қалыпқа келтіру үшін емес, сұлулық үшін де қолданып жүр. Алайда, мамандар мың дертке ем болатын сиқырлы дәрінің болмайтынын айтады. Медицина - ғылым. Сондықтан өз бетінше ем қабылдамауға шақырады.

Р. Бақытжанқызы