Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы ауруханасында қалған жалғыз полицей ес жимастан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2016
  • 3790

Алматыдағы атыс кезінде жарақат алған тағы бір полицей көз жұмды. Құқыққорғау органында 2 жыл жұмыс істеген 24 жастағы полиция сержанты Жалғас Келдібаев ауруханада қалған жалғыз полицей болатын. Көп қан жоғалтқан ол ес-түссіз жатқан еді. Ішкі істер департаментінің ресми өкілі сержанттың үйленбегенін айтты. Марқұм ертең туған жері Жамбыл облысының Отар ауылында жер қойнына тапсырылмақ.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Полиция сержанты ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келген. Өзін жауапты, кәсіби деңгейдегі жұмыскер ретінде көрсеткен болатын. Алматы қаласы ішкі істер департаментінің жеке құрамы, басшылығы және ардагерлер кеңесі Жалғас Келдібаевтің туған-туысқандарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқанын жеткіземіз.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне қарулы шабуыл жасалды. Руслан Күлекбаев атқан оқтан осымен 8-ші полицей қаза тауып отыр. Сондай-ақ бір шекара қызметінің сарбазы мен бейбіт тұрғын күдікті қолынан мерт болды. 

Айгүл ЕРМАХАН