Талғат
Ермегияевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Маусым айының басында «Астана
Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы 14 жылға сотталған. Үкіммен
келіспеген тарап апелляциялық шағым түсірген еді. Алайда атышулы іс
фигуранттарына тағылған айыпты 1,5 сағат бойы оқып шыққан судья шағым
қанағаттандырылмайтынын мәлім етті.
Күні бұрын прокурорлардың өзі Ермегияевқа
болысып, тым ауыр жаза кесілді деп, соттан мерзімін 12 жылға қысқартуды
сұраған. Мемлекеттік айыптаушылар оның бұрын сотталмағанын, мақтаулы мінездемесі
мен кәмелеттік жасқа толмаған жас балалары барын айтқан. Алайда екі тараптың та
өтініші ескерусіз қалды.
Апелляционные жалобы Ермегияева, Адамбаева, Баркинхоева, Медеуова, Омарова, Син, Туматаева и
апелляционный протест прокурора Ашимова оставить без удовлетворения.
«Астана
Экспо-2017» ұлттық компаниясының қаражатын талан-таражға салғаны үшін, 10 адам
сотталды. Басында айыпталушылар 23 болатын. Жартысынан көбі өз кінәсін
мойындап, тергеумен бірігіп жұмыс істеуге келісті. Және келтірілген шығынды
өтеді. Сөйтіп, босап шықты. Ал Ермегияевтың қорғаушылары Жоғарғы сотқа
кассациялық шағым түсірмейтіндерін мәлімдеді.
Суд
не разобрался в обстоятельствах дела. Вынес незаконное решение. Мы обязательно
будем его обжаловать.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ