Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда премьер-министрдің қатысуымен газдандыру мәселесі талқыланды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2016
  • 2462

Батыс өңіріндегі газ мәселесі 2 ай ішінде шешілуі тиіс. Бүгін аймаққа ат басын бұрған Үкімет басшысы әкімдік өкілдеріне осындай тапсырма берді.

Биыл Батыс Қазақстанда 6 елді мекенге газ өткізіліп, газ құбырын тарту жоспарланған. Бұл іс жалғасын табуы үшін алдағы екі жылға тағы 3 миллиард теңге керек. Егер қажет қаржы бөлінсе, 463 шақырым газ құбыры жүргізілмек. Ол кезде 25 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі. Бүгінде Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-орында тұр. Бірақ мұнай бағасының арзандауы бұл салаға да әсер етпей қоймаған. Соған қарамастан, аймақта газдандыру ісі жалғаспақ.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Бүгін көтерілген мәселелерді ішінде мені екі нәрсе алаңдатып отыр. Алғашқысы газды жер астына кері айдап, қолда бар ресурсты тиімді пайдалану болса, екінші мәселе - аймақтарды газдандыру ісі. Сондықтан сіздерге екі ай рұқсат беремін. Алдағы қазан айында арнайы жиналыс өткізіп, сол жиында барлық мәселені шешіп, нүкте қоямыз.

Еркін КАРИН