Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддерде жылу электр орталығынан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2023
  • 1486

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты. Қызыл жалын 280 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қазандықтарға көмір беру бөлігі жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар бөлімінің техникасы мен жеке құрамы толық жұмылдырылған. Өскеменнен 10 өрт сөндіру машинасы мен мамандар көмекке барды. Оқиғаға байланысты облыс әкімінің жетекшілігімен арнайы штаб құрылды. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Ал жылыту орталығындағы қазандықтар түгелдей мазутқа көшірілді.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өрттің себебі менеджмент пен басшылықтың немқұрайлылығы және 4 жыл бойы ештеңе істемеген, мемлекеттік органдарды жалған анықтамалармен алдаған станция иелерінен туындап отыр. Біз қысқа уақыт ішінде 4,5 жоғары қысымды қазандықтарды жөндедік. Олар бұдан хабардар да емес.

М. Қалиасқар