Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы Еңбек министрлігімен бірге «Жастарға жұмыс» жобасын іске қосты

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2023
  • 2075

«AMANAT» партиясы Еңбек министрлігімен бірге «Жастарға жұмыс» жобасын іске қосты. Бүгін партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тиісті құжатқа қол қойды. Сондай-ақ, Партияның Атқарушы хатшысы Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында жастар саясатының тұжырымдамасын қайта қарауды және «Жастар үшін» деген көзқарастан «Жастармен бірге» қағидатына көшуді ұсынғанын атап өтті.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында биыл енді 2023 жылдан бастап жастарымызға 2,5 пайызбен несие берілетін болады. Бұл көптеген әлемдегі дамыған мемлекеттердің мұндай пайыздық мөлшерлеме жоқ. Сонымен қатар, алдағы 7 жылдықтың өзінде 2,3 млн азаматты жас азаматтарымызды жұмысқа орналастыратын боламыз. Бұл расында да ірі бастама. Сол себептен осы бастаманы сіздермен біз іске асыруымыз керек деп есептеймін.

Ә. Дүкембаева