Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының мүшелері жер мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2016
  • 2809

Талдықорған іргесіндегі қожалық 627 гектар жерді тиімді игеріп отыр. Оның 8,5 гектар жерінде ірі қара мал тұқымын асылдандырады. Ал өзге алқаптар жем-шөп дайындалатын шаруашылық пен мал жайылымының иелігінде. Енді сүт фермасы ашылмақ.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылған жер мәселесі жөніндегі жиында айтылды. Кездесуде өңірдегі ауыл шаруашылығын қарқынды дамытудың жолдары талқыланды. Бүгінде Жетісу орталығында 3 мың бастан аса аналық сиыр есепте тұр. Оның 1300-дейі қолдан ұрықтандырылған. Қазір қорада 5 литр ғана сүт беретін екі-үш ірі қараның орнына 40 литр сүт беретін бір сиырды баққан тиімді көрінеді. Ірі қара мал асылдандыру орталығы басшысының орынбасары осылай деп отыр. Бұл шаруашылыққа Үкімет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліпті.

Мұхтар Ерденов, «Асыл мал тұқымын асылдандыру орталығы» ЖШС директорының орынбасары:

Жердің пайдасын көріп отырмыз. Ол деген енді бізге өте тиімді. Бұрын бос жатқан болатын. Қазір осы жер бізді тамақтандырып отыр. Сүтті бағытындағы сиырлар 14 жарым мың кемінде айына сүт береді. Етті бағыты 500-600 келі ет береді.

Ал қарамағында санаулы бас төлі бар халықтың қамын ойлаған атыраулық депутаттар ұсыныс жасап отыр. Олар жекенің меншігінде кеткен жайылым жерлерді мемлекетке қайтару керек дейді. Шекаралық аумақтарды жалға беруге түбегейлі қарсылықтарын білдірді. «ҚазТрансГазАтырау» компаниясы қызметкерлеріне Елбасының саясатын түсіндірген жиында қалалық мәслихат депутаттары осылай деді. Кездесуде үй салуға жер учаскесі тек кезекпен берілетіні айтылған. Ал жердің кезегін сатуға машықтанған алаяқтардан сақтану ескертілді.

Қаршыға Жауынбаев, Атырау қалалық мәслихатының депутаты:

Қазақстан жері ешкімге сатылмайды. Жалға берілсе де, 10 жылға берілсін деген ұсыныс қабылдадық. Еңбек етемін деген Қазақстан азаматтарына жер сатылады. 49 жылға берілген жерлер жеңілдікпен, уақытын созып, 10 жылға дейін бөліп-бөліп ақшасын төлеуге болады. Сондай ұсыныстар берілді.