Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қауіпсіз қала» акциясы өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2023
  • 1612

Үңірейген құдықтар үрейді алады. Елордада кәріз құдықтарының көбінде қақпақ жоқ. Қаланың әсіресе оңтүстік-шығыс ауданында беті ашық жатқан 4 кәріз құдығы анықталды. Халық қалаулылары мен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері шаһар көшелерін аралап, шойын қақпағы жоқ жерлерді тексерді. «Қауіпсіз қала» акциясы аясындағы бұл шара 10 күнге жалғасады. Бұл дәстүрлі акция дейді ұйымдастырушылар. Нәтижесінде жыл сайын жүзден аса кәріз құдығының беті жабылады.

Динара ЗӘКИЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Осындай акцияның шеңберінде біз қауіпті инфрақұрылымды объектілерді ашық люктерді анықтап, ретке келтіреміз. Әр жыл екі рет осындай акцияны өткіземіз – жазда және қыста. «Аманат» партиясының жанында 111 деген қызмет бар. Қауіпті инфрақұрылымды объектілерді көрсеңіздер 111 қызметіне звондауға болады.

Былтыр 111-ге келіп түскен өтініштер негізінде 83 ашық люк жабылып, 20 жол белгісі орнатылған. Көшеге жарық орнату туралы 14 өтініш шешімін тапты.

Арсланбек МАҒЗҰМ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЕЛОРДАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің басты мақсатымыз - ол осы қаланың ішінде қала тұрғындарына қауіпсіз жағдай жасау. Осы ашық люктарды әкімшілікпен бірге фиксировать етіп, одан соң әкімшілік тарапынан өзінің жұмыстары жүргізілетін болады. Мысалыға 2013 жылы өздеріңіз білетіндей осындай ашық люкка бала түсіп кеткен болатын. Осындай жағдайлар болмас үшін біз осындай алдын ала ісшара жұмыстарын жүргізетін боламыз.

М. Қалиасқар