Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқулықтар құны 10-15 пайызға қымбаттады – «Алматыкітап»

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2016
  • 4178

Мектеп оқулықтарының бағасы қымбаттады. Кітаптар құны былтырғымен салыстырғанда 10-15 пайызға өскен. Мұны "Алматыкітап" баспасының өкілдері мәлім етті. Биыл 1-шы сыныпқа арналған бір пәннің топтамасы 1300-ден 4 мың теңгеге дейін тұрады. Ал жалпы 9 пән бар. Бағаны министрлік емес, баспалар өзара шығындарын есептеп шығарады екен. Кітаптар сөрелерге шілде айында-ақ түскен. Ал оқулықтар жеткілікті ме? Құралай Пионер тақырыпты толықтырады.

Бұл - Астанадағы оқулықтар сатылымы басталған дүкеннің бірі. Әрине, әзірге иық тіресіп, кітапқа таласып жатқан ешкім жоқ. Десе де, баласына қажетті оқулық іздеп, алдын-ала қамданған ата-ана баршылық. 

Салиха Байдулла, Астана қаласының тұрғыны:

Немерем 3-ші сыныпқа баратын еді. №63 мектепке. Соған дәптерін, оқулыққа қосымша құралдарын алуға келдім. Бағасы былтырғы жылға қарағанда қымбаттапты.

Бағаның едәуір өскенін дүкен қызметкерлері де жоққа шығармайды. Бірақ соған қарамастан, сөреге қойылғанның барлығы да сатылады деп отыр.

Сәуле Нұраева, кітап дүкенінің меңгерушісі:

Осы шілде айынының басынан бастап түсім басталып жатыр. Ажиотаж былтырғы жылға қарағанда биыл ондай айтқандай жоқ. Басталса, енді оқу жылының басында болар. Баға жағынан оқулықтардың, жұмыс дәптерлерге өскен. 30-40 пайыз шамасында. Девальвациямен байланысты.

Биыл алғаш мектеп табалдырығын аттаған балғындар жаңа бағдарламамен оқымақ. Оған сәйкес, 1-сыныптың кітаптары да толық жаңартылған. Қазақстан баспагерлер қауымдастығының ұйғарымымен осы жолы 5 баспа 9 пәнді өзара бөлісіп әзірлеген.

Әлмира Сужықова, «Алматыкітап» баспасының бас редакторы:

Бұрынғы оқулықтар білім беретін болса оқушыға, қазіргі оқулық білім беріп қана қоймайды, уақыт кеңістігінде бір бағыттаушы құрал сияқты.

Жаңа оқулықтар апробациядан өтіп те қойған. Қазір баспалар өнімдерді аймақтағы мектептер мен дүкендерге жеткізумен айналысып жатыр. Ол жұмыс 15-ші тамызға дейін аяқталуы тиіс. Ал Білім және ғылым министрлігі биыл оқулықтың жеткілікті екенін айтады. 

Ақтоты Кемалова, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы:

1 қыркүйекке дейін барлық оқушылар мектептен тегін оқулықтар алуына болады. 2017-2018 жылдары 2, 5, 7 сынып оқулықтары жаңартылады.

Құралай Пионер, тілші:

Негізі биыл мектепке 2 миллионнан астам оқушы барды. Оның 380 мыңы бірінші сыныпты аттайтындар. Ал бағдарламаның өзгертілуіне сәйкес, оқулықтарды жаңарту жұмысы 2020 жылға дейін жалғады.