Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал қаласында «Ежелгі Орал» атты ерекше музей бар

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2023
  • 2713

Орал қаласында «Ежелгі Орал» атты ерекше музей бар. Онда жергілікті халық аманаттап тапсырған жәдігерлер жинақталған. Көненің көзін үйінде ұстағысы келмеген тұрғындар ескі суреттер, кітаптар мен тұрмыстық заттарды осында әкеп тапсырады. Бүгінде музейде түрлі экспонаттар бар. Сонымен қатар, көне жиһаздар, ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар, балықшылардың құрал-сайманы да сөрелерден орын алған.

Геннадий МУХИН, «СТАРЫЙ УРАЛЬСКЪ» ҚОҒАМДЫҚ-МӘДЕНИ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

20 жылдың ішінде музеймізге 250 мыңға тарта оралдық пен қала қонақтары келіп, өткен дәуірдің тарихымен танысты. Халықтан жиналған көне жәдігердің саны 32 мыңға жетті. Бұл бұйымдардың Ақжайық атырабының тарихына тікелей қатысы бар.

Дегенмен ескі жәдігерлердің қатарын көбейтуге ғимарат тарлық етіп тұр. Ал жаңа қонысқа көшу әзір мүмкін емес. Өйткені келушілерге тегін қызмет көрсеткендіктен, түсер табыс жоқ.

Сергей БЫКОВ, ҚХА БҚОФ ОРЫС ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл музейде ұрпақтар мен дәуірлер сабақтастығы сақталып қалды. ХІХ ғасырдағы көрнекті жазушы Никита Савичев сол кездегі қазақ күйшісі Құрманғазының жақын досы болды. Құрманғазы қуғында жүрген кезде де осында келіп, домбыра тартқан.

Е. Карин