Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық жігіт жас қызды жауыздықпен өлтіріп, кейіннен өзіне қол салған

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2023
  • 1665

Алматыда қаланың қақ ортасында жантүршігерлік жағдай болды. Жас жігіт өзінің сүйіктісін жұмысына келіп пышақтап өлтіріп, кейіннен өзіне қол салған. Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі ақпарат тарауда. Оқиға «Мега» ойын сауық орталығының жанындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Көршілердің айтуынша, марқұм қыз сол жердегі салонда жұмыс істеген. Оның кездесіп жүрген жігіті жұмыс кабинетіне баса көктеп кіріп, пышақтап өлтірген дейді.

Рүстем АХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы үйде тұрамын, мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Көршілердің ортақ чатына бәрі жаза бастағанда білдім. Полиция келіп үйді толықтай қоршады. Бұл аудан әдетте тыныш болатын.

Ал салонның қызметкерлері қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Алматы полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы қалалық полиция Департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлайды. Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталуда.

Ә. Пернебек