Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық нейрохирургтер тұңғыш рет бас миына бірегей ота жасады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2016
  • 2547

Астаналық нейрохирургтар бас миына бірегей ота жасады. Осылайша, тұңғыш рет дәрігерлер науқастың миындағы қан тамырының кеңейген бөлігін алып тастады. Ерекше операция Оңтүстік Қазақстаннан ауыр халде жеткізілген әйелге жасалды. 4 сантиметрге өскен ісік науқастың өміріне қауіп төндірген. Өйткені жарылып, миға қан құйылуы мүмкін еді.

Операция сәтті өтті. Науқастың халі жақсы, - дейді дәрігерлер. Екі апта бұрын ғана 36 жастағы Айсұлу Даумованың сөйлеуге шамасы жетпей, төсек тартып жатқан еді. Осыдан екі ай бұрын босанған әйел қазір емін-еркін қозғалып жүр.

Айсұлу Даумова, науқас:

Басымның мына жағы түгел ауыратын. Үйде жүре алмай қалғам. Күйеуім жұмыста болғандықтан, 8 жастағы ұлым кішкентай інісіне қарайтын. Қазір жағдайым жақсарды.

Талғат Пазылбеков, Ұлттық нейрохирургия орталығының медициналық директоры:

Отаның қиындығы - ол тамырлар арқылы жасалады. Қан тамырларға катетерлар енгізіліп, жаңағы аневризмалардың аузы жабылады. Бұлар бас миының тамырлары. Өте күрделі. Сондықтан мүлт кетсек, ми қызметіне кері әсері тиюі мүмкін. 

Айжан ҚУАШ