Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жол апатынан 3 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2023
  • 1050

Бүгін Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. 3 адам жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырған. Әл-Фараби даңғылында төрт көлік соқтығысқан. «Chevrolet cobalt» автомобилі қатты жылдамдықпен қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. 20 жастағы көлік жүргізушісі және екі жолаушы қаза тапты. Қазір жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші алкогольдік ішімдік ішпеген және барлық құжаттары түгел болған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, сол жерде 3 көлікпен соқтығысады. Басқа автокөліктердің жолаушылары және көлік жүргізушілері зардап шеккен жоқ, аталмыш дерек бойынша қазіргі таңда сот алды тізілімінде қылмыстық іс қозғалып, 345 бабының төртінші тармағы бойынша тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Мүмкін жол жүру ережесінің өрескел бұзу салдарынан осындай оқиғаға душар болды.

Дәл осы күні мегаполисте тағы бір жол апаты болды, салдарынан бір адам көз жұмды. «Kia RIO» автокөлігі жол қоршауына соғылып, соққының күшінен жүргізуші дәрігерлер келгенге дейін ауыр жарақаттан қайтыс болған. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 6%-ке өскен. Ал қаза тапқандар 7, жараланғандар саны 6%-ке көбейген.

Ә. Пернебек