«ASTANA TV» арнасында жаңа үнді телехикаясы жарыққа шығады. Телехикая тағдыр тәлкегіне ұшыраған жас ару туралы. Жақындарын жоғалтқан бойжеткен анасынан айырылып, әкесі темір торға тоғытылады. Жапанда жалғыз қалған жасөспірім қыздың өмірі әрі қарай қалай өріледі? Тағдырдың қатал сынына ол қалай төтеп береді? «Тағдыр талқысы» телехикаясын күн сайын 21:55-те «ASTANA TV» арнасынан көріңіздер.
А. Задабек