Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 1073

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенконы жеңді.

Жерлесіміз қарсыласын екі сетте ұтты. Ойын 1 сағат 21 минутқа созылды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалда Джессика Пегула (АҚШ) және Виктория Азаренко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.