Русский Сайттың толық нұсқасы

2 жол учаскесі жабық

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 2076

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, 2 облыста жолдың көрінуі нашар. Осыған байланысты 2 жол учаскесі жабық тұр. Бұл туралы ҚазАвтожол хабарлады.

«Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа енгізілген шектеу әлі де сақталуда» делінген хабарламада.