Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорқытып, несие рәсімдеткен

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 1832

Ақмола облысында жергілікті тұрғынды қорқытып, екі несие рәсімдеткендер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Облыстық Полиция департаментіне Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны хабарлаған. Тұрғынның айтуынша, белгісіз үш жігіт оны пәтерге күшпен кіргізіп, денесіне зақым келтіріп, кейін пышақпен қорқытып, үлкен мөлшерде қаражат талап еткен.

Жағдайды егжей-тегжейлі анықтаған жедел уәкілдер жәбірленушінің бұған дейін ВКонтакте әлеуметтік желісінде қызбен танысқанын анықтаған. Ал алғашқы кездесуден кейін оны белгісіз үш адам ұстап алып, ақша талап еткен. Жәбірленушіде талап етілген сома болмағандықтан, күдіктілер оның телефонындағы банктердің қосымшалары арқылы екі онлайн-несие рәсімдеп, ақшаны банкоматтардан шешіп алған.

Өзіне күш көрсеткендерге қолма-қол ақша берген жас жігіт бірден полицияға жүгінді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Көкшетауда арнайы операция нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ұстады.

Аталған топтың көшбасшысы ретінде облыс орталығының 25 жастағы тұрғынына «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған екі күдіктіге де қатысты шара қолданылып, қылмыстық іс тергеліп жатыр.