Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктен 255 миллион теңге жымқырған

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 1095

2022 жылғы желтоқсанда Степногорск қаласында орналасқан банк филиалының біріне жоспарлы тексеру жүргізілген. Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, 255 миллион теңге ақшалай қаражат жетіспеушілігі анықталған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.