Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетті

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 1879

Оқиға Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан нысанда болған. Көпқабатты үй құрылысы былтыр басталыпты. Жедел жәрдем қызметі мамандарының айтуынша, жұмысшы жетінші қабаттан құлаған. Жасы - 31-де. Абырой болғанда, аман. Алдын ала болжам бойынша, оның бас миы шайқалған, кеуде қабырғасына зақым келген. Зардап шегуші №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді.