Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2016
  • 3378

Кәрім Мәсімов Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару мәселесін Ресейдің Үкімет басшысы Дмитрий Медведевпен талқылады. Бұл туралы Премьер-министр сайтында хабарланды. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.

Бұдан бұрын Кәрім Мәсімов ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшылары қырғыз манаптары мен қызыл әскердің қолынан қаза тапқан батырлардың басын елге қайтаруды көтеретінін твиттердегі парақшасында жазған еді. 

Сондай-ақ, ресейлік әріптесімен кездесу кезінде Кәрім Мәсімов Астанада өтетін XIII Аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты мәселелерді де талқылады. Атап айтқанда, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тәрізді ірі көлік жобаларын жүзеге асыру барысы сөз болды. Жайық трансшекаралық өзеніне қатысты тақырыпқа баса назар аударылды. Премьер-министр бұл мәселе бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынды. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ