Ерекше автокөлік Павлодар тұрғындарының ғана емес, полиция қызметкерлерінің де назарын аударды.
"Осы бейнежазба бойынша біз тексеру жүргіздік. Тексеріс барысында 27 жастағы азаматқа тиесілі Бронто-1922 автокөлігі екендігі анықталды. Мұндай ерекше дөңгелектері бар автокөліктің өзі Ресей Федерациясында шығарылған және қиын, батпақты жерлерде жүруге арналған", - деді Павлодар облысы ПД процессинг орталығының бастығы Бауыржан Мақашев.