Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеудің бірінші траншын аяқтады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2016
  • 2751

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» қосымша келісімге отырмаған 114 мың адам бағам айырмасы өтемақысынан құр қалды. Бұл туралы банктің баспасөз хатшысы хабарлады. Ал қосымша келісім жасап үлгерген салымшылар өтемақыларын алды. Банкке депозит салған 338 мыңнан аса адамға 33 миллиардқа жуық қаражат бөлінген. Бұл - жалпы транш соммасы. Екінші бөлігін аудару келер жылға жоспарланған. Осылайша, депозит көлемі орташа коэффициентпен 35,5 пайызға толықты.

Айбар Олжаев, "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ баспасөз хатшысы:

32,9 миллиард теңге бірінші траншты төлеуге кетті. Оның 10 миллиардтан астамы - ол банктің өз қаржысы. Екінші транш келер жылы төленетін болады 1 шілдеге дейін. Оның аясында банк 28 миллиард теңге төлеуді жоспарлап отыр.