Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетау қаласында бір жарым жасар бүлдіршін ыстық судан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2023
  • 999

Көкшетау қаласында пәтерде коммуналдық апат болып, бөлмені ыстық су басқан. "Мейірімді жүрек" қоғамдық қорының жетекшісі Ирина Котухованың айтуынша, радиатордың шүмегі үзіліп кеткен. Ал ол бөлмеде бала ұйықтап жатқан. "Бүлдіршін бумен демалып, комаға түскен", - дейді. Артынша көз жұмыпты. Сондай-ақ, қыздың әкесінің де аяғын күйік шалған.