Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда крипто айырбастау пункттеріне қатысты қылмыстық схема анықталды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2023
  • 923

        ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, тінту барысында 200 000 доллардан астам криптоактив табылған.  

«Агенттіктің Қостанай облысы бойынша АХҚО тыс цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактив анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды»,-делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.