Солтүстік Қазақстанда 85 ауылды су басу қаупі бар. Төтенше жағдай мамандары сараптама жүргізіп, елдімекендерді бақылауға алды. Биыл жауын-шашын мөлшері нормадан асқан жоқ. Дегенмен, жердің қыртысы 1.5 метрге қатып қалды. "Егер көктемде күн күрт жылынса, еріген қар жерге сіңіп үлгермейді",-дейді сала мамандары.
Қымбат МЕРҒАЛИМОВА, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
Қардың құрамындағы судың мөлшері нормадан 15, ал былтырға қарағанда 68 процентке артық. Себебі, қараша айында қар аралас жаңбыр жауып, жер бетінде жиналып қалды. Қазір мұз 50 см-ге қатып қалды. Көктемде мұз кептеліп, судың жағадан асуына әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіп аралықтар үнемі бақылауда болады.