Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана орталық саябағында Халықаралық жастар күні тойланды

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2016
  • 2822

Бүгін Халықаралық жастар күні. Осыған орай «Жас Отан» жастар қанаты елордалық талантты жас өнерпаздардың басын біріктіріп, орталық саябақта ашық аспан астында концерт ұйымдастырды. Мәдени іс-шараның көздеген бірнеше мақсаты бар. Соның бірі - жастармен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы датасын тойлап, ел спортшыларының Риодағы жетістігіне ортақтасу.

Мерекелік сахнаға бүгін бишілер, әншілер мен аспапты музыка өкілдері де шықты. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, іс-шараға бес жүзден астам көрермен жиналмақ. Бұл өнерпаздар көпшілікке әлі таныла қоймаса да, жастар арасында өнері жоғары бағаланады. Музыка кешінің соңы «open air», яғни ашық аспан астындағы би кешіне ұласты.

Ернар Ахмет, ұйымдастырушы:

Біріншіден, оларға бүгін жүздеген адам көрермен. Осындау аудитория олар үшін тәжірибе. Бүгінгі концерттен кейін олардың өнерлері біздің әлеуметтік желідегі парақшамызды талқыланады. Мына адамдардың арасында бір продюсер табылып қалуы ықтимал ғой. Талантты жастарымыздың бірі солардың көзіне іліге ме деген де үміт бар.

Серғазы Шақабаев, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының төрағасы:

Талантты жастарымыз Астана қаласының жастарына, қонақтарына және орталық саябаққа келген тұрғындарға өздерінің өнерлерін көрсетеді. Бір жағынан, қазіргі кезде халықаралық деңгейде Риода олимпиада өтіп жатыр. Бүгінгі күні өзіміз білеміз, Қазақстан екі алтын және де көптеген жетістікке жетіп отыр. Біз сол қуанышпен де бөліскелі отырмыз жастар ретінде. Бүгін бар энергиямызды, бар қуанышымызды болашақта сайысқа түсетін спортшыларымызға жібереміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ