Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді 1,5 млн сатып жіберген. Бұл деректі Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Polisia.kz. таратқан ақпаратқа сәйкес, тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.