Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізден бензин, дизель отынын көлікпен шығаруға тыйым салынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2023
  • 856

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. «Қазақстан Республикасы аумағынан көліктің барлық түрлерімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық жанармайды, автокөліктерді өндіруші ұсынған газ цистерналарында экспорттауды қоспағанда, бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сыртқа шығаруға 4 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген ашық талқыға шығарылған құжатта.

Бұйрық 31 қаңтарға дейін көпшілік талқылауда болады.