Русский Сайттың толық нұсқасы

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында әскерге қатысты шешімдер қабылданды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2023
  • 1102

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Б. Сатуов