Қазтест сертификаттары 2023 жылдан бастап электронды форматқа ауыстырылғанын хабарлады. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Сертификат ҰТО сайты арқылы беріледі. Онда тест тапсырушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі. Сертификатты сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
"Бұған дейін Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, "Болашақ" бағдарламасының үміткерлері және басқалары Қазтест сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады", – деді ҰТО директоры Руслан Емелбаев.