Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі детектив пен драманы біріктірген шағын сериялы «QANA» фильмін түсірді. Фильмде негізгі кейіпкер мен оның серіктесі жемқорлық істерді зерттейді. Әріптестердің мақсаты бір, бірақ тергеуді соңына дейін жеткізуде әрқайсысының өзіндік себебі бар. Әркімнің өз әдісі мен жеке шындығы бар.
Бірінші серияның премьерасы бүгін (26 қаңтар) сағат 19:30-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің YouTube-каналында болады.