Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық әйел өз баласын пышақтап өлтірді

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2023
  • 1948

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1981 жылы туған әйел өзінің 12 жастағы ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Сондай-ақ әйелдің бұрынғы күйеуіне ішіне жын кіріп, ұлын соның қолымен өлтіргені туралы аудио хабарлама жолдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, екеуінің денесін тапқан», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.