Русский Сайттың толық нұсқасы

30 адамды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2023
  • 1775

Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері банктерден тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденіп алған алаяқты анықтап, ұстады. Тексеру барысында күдікті 33 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.