Русский Сайттың толық нұсқасы

4 адамнан менингококк инфекциясы анықталды

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 1400

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 4 адамнан менингококк инфекциясы анықталды. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 0,60 құрады. Тіркелген жағдайлардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр.

Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністері бар ең ауыр жедел жұқпалы аурулардың бірі.