Русский Сайттың толық нұсқасы

Синтетикалық есірткі бар 28 полиэтилен пакеті табылды

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 1239

Шымкентте синтетикалық есірткі таратумен айналысқандар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп жүргізген тексеру кезінде қолға түскен. Күдіктілер синтетикалық есірткіні сатпақ болған кезінде ұсталған.

"Тінту кезінде қала тұрғыны Б.-дан оралған синтетикалық есірткі бар 28 полиэтилен пакеті табылды. Тергеу топ басшысы мен оның екі сыбайласының Telegram мессенджері арқылы есірткі таратумен айналысқанын анықтады. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, соттың санкциясымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.