Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп директорының ісі сотта қаралады

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 1037

Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтап тастаған мектеп директорының ісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

«Қылмыстық іс сотқа түсті. Алдын ала тыңдау 2 ақпан күні облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Іс ашық қаралады», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұл оқиға былтыр Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды. Жаңақоныс ауылдық округінің орталығы саналатын Аққайтым ауылында орта мектеп директоры әйелі мен баласын пышақтап тастаған.