Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мәжіліс мандатының 30 проценті әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс",- Н.Әбдіров

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 698

Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 проценті әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Оның атап өтуінше, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданылмақ.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат қосылды. Бұл – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек

Облыстық сайлау комиссиясы «Байтақ» және «Республика» партияларына бірқатар өңірде мәслихат депутаттары сайлауына қатысуға рұқсат берді. Бұған дейін, бұл екі партияның еліміздің өңірлерінде филиалының болмауына байланысты мәслихат сайлауына қатыса алмайтыны туралы айтылған. Қос партия бір апта ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыстарда филиалын ашып үлгерді.

Шавкат ӨТЕМІСОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен мәслихат депутаттарын сайлауға тек үш облысқа ғана жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыстарда және Алматы, Шымкент пен Астана қалаларында құрылды. Respublica партиясы да қазіргі уақытта өздерінің филиалдарын құрған аймақтарда ғана мәслихат депутаттарын сайлауға жіберіледі.

Ә. Дүкембаева