Сарыарқа ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында болған кезде белгісіз біреу оның телефонын ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Polisia.kz ақпаратынша, оның күртесі киім ілгіште тұрған, ал белгісіз біреу оның қалтасынан IРhone12 телефонын алып кеткен. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.