Русский Сайттың толық нұсқасы

Мал ауруы тіркелген шаруа қожалыққа шектеу шаралары енгізілді

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1708

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында "Саят" шаруа қожалығы малының қандай аурумен ауырғаны белгілі болды. Шаруа қожалық иесінің айтуынша, мал жемнен бас тартқан. Клиникалық тексеру барысында сиырлардың ауыз қуысында ешқандай зақымдану болмаса да, сілекейдің көп мөлшерінің бөлінуі анықталды. Ветеринарлар ережеге сәйкес, ауыз қуысынан сынама алып, ұлттық референттік орталыққа жеткізген. 

Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде аусыл расталған жоқ, инфекциялық ринотрахеит диагнозы қойылды. 

"Әйке ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруа қожалықта шектеу шаралары енгізілген, республикалық эпизоотияға қарсы отряд ауру ошағын жою жұмыстарын бастады. Сондай-ақ халық арасында түсіндіру шаралары жүргізілуде",- деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.