Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкіміне сөгіс беру ұсынылды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1292

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиевтің тәртіптік ісі қаралды. Кеңес отырысында мәлім болғанындай, Б. Аманғалиевтің журналиспен сұхбат кезінде «Халықты несіне тыңдайсыңдар? Халық қазір мал болып кетті ғой» деген сөзі әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Осылайша, Б. Аманғалиев тұрғындарды малға теңеп, мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексін бұзған.

«Тәртіптік істі қарау нәтижесінде Б. Аманғалиевке сөгіс беру туралы ұсыным Бәйтерек ауданы әкіміне жолданды», – делінген хабарламада.