Русский Сайттың толық нұсқасы

Туристерге ел ішінде саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1344

Туристерге ел ішінде саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрі туристік кешбэк енгізуді ұсынды.

"Бағдарлама туристік агенттік арқылы белгілі бір бағытқа жолдама сатып алған азаматтарға қаржының 20%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік береді",- дейді министрлік.

Тек мұндай жеңілдік саяхат маусымы кезінде қарастырылмауы мүмкін. Мысалы, Абай, Ұлытау облысы секілді бағыттарға шығын сомасының 20%-ы қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай секілді бағыттарға кешбэк 10% болады.