Русский Сайттың толық нұсқасы

Газель автокөлігі өртенді

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 766

Бүгін Астанада газель автокөлігі өртеніп кетті, қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

«Бүгін сағат 08:06-да Өрт сөндіру қызметіне газель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде газель автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 08:22-де сөндірілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1-2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.

Көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуінен болады.