Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүрек талмасынан көз жұмған болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1204

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты. Бұл туралы Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ. Сонымен қатар, пациентке жедел жәрдемнің 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда, одан нәтиже болмады», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін, 27 қаңтар күні сенатор Гүлмира Кәрімованың 45 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған.