Астанада есірткі сатқан және сақтаған 5 адам бір күнде ұсталды. Polisia.kz ақпаратынша, полицейлер елорда аумағында есірткі заттарын таратып жүрген қылмыстық топты құрықтады. Оның ұйымдастырушысы - бұрын сотталған 37 жастағы ер адам. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде заттай дәлелдемелер табылды.
Жедел-іздестіру барысында есірткіні сақтаған, буып-түйген және оларды іске асырумен айналысқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі қолға түскен.
Заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі тәркіленді. Ол - 46 мыңнан астам бір реттік доза.
Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда отыр, тергеу жүруде.