Русский Сайттың толық нұсқасы

13 қалада ауа сапасы нашарлайды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2023
  • 713

«Қазгидромет» РМК 29 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады.

Жексенбіде Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.