Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның бірнеше облысында тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2023
  • 778

Қазақстанның синоптиктері төрт облыстың тұрғындарына ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Қазгидрометтің ақпаратынша, 30 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында таңертең және түнде тұман күтіледі. Сонымен қатар алдағы дүйсенбі күні күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.