Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісуда су өлшейтін конструкцияға соғылған көліктегі жолаушы көз жұмды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2023
  • 1620

Жетісу облысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылымға соқтығысты. Салдарынан жолаушы мерт болды,- деп хабарлайды Астана телеарнасы полицияға сілтеме жасап.

Жол апаты 29 қаңтар кешке Панфилов ауданында тіркелген.Toyota Corolla автокөлігінің рөлінде 65 жастағы зейнеткер болған. Ол Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, кілт бұрылыста трассадан ұшып кеткен. Көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөліктегі 50 жастағы жолаушы көз жұмып, жүргізуші түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.