Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал тұрғыны сырғанақ тебемін деп ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2023
  • 1121

Оралда сырғанау кезінде құлап, жарақат алған 17 жастағы қыздың жағдайы ауыр. Ол қала іргесіндегі тауда сырғанап жүріп, темір арқанға соғылған. Полиция дерегінше, оқыс оқиға түнгі сағат 10-да болған. Ауыр жараланған қыз үш сағаттан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың бірнеше қабырғасы сынған, бауыры зақымдалған. Жағдайы ауыр.

Әліби ТӨЛЕГЕНОВ, БҚО БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Науқас қыз іштің жабық жарақаты, бауырдың жарақаты, оң жақтағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы қабырғаларының сынығымен ауруханаға жатқызылды. Науқасқа диагностикалық лапароскопия жасалды.

Е. Карин