Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жеке адамдардың банкроттығы туралы заң көмегін алу үшін 10 мыңнан астам адам өтінім берген», - Е.Біржанов

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2023
  • 1360

Елімізде 10 мыңнан астам адам банкроттық рәсімін қолдану жөнінде шешім қабылдаған. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Оның сөзінше, наурызда өтініш берушілердің қатары тағы да артуы мүмкін. Бірақ вице-министр «банкроттық» туралы шешімді қабылдамас бұрын тұрғындар ойланғаны абзал дейді. Себебі, банкрот деп танылған адам 5 жыл несие ала алмайды және 7 жылдың ішінде өзін банкрот деп жариялау құқығынан айрылады.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Рас, қиын жағдайын көрсету арқылы ғана «банкроттық» қадамға бару керек деп санаймыз. Себебі, бұл шетел практикасын қарайтын болсақ, банкроттық расында да барлық қарызды кешіру процесі емес. Бұл біздің азаматтардың ең соңы қадамы болуы тиіс.

Министрліктің мәліметінше, азаматтардың 95%-дан астамында 5,5 млн теңгеден астам қарызы бар. Яғни ол 1 млн-нан астам қазақстандық. Жауаптылар, банкроттыққа өтінішті онлайн жолдай алады.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Халыққа оңай болуы үшін бұл процедураны аудандық жерге дейін жеткізіп отырмыз. Орталықтар арқылы қабылданады.Жәнеде ең басты біздің жақсы жаңалығымыз бұл біріншіден онлайн түрде жүргізіледі. Онлайн түрде жүргізілгенде «Азаматтарға арналған үкімет» корпарациясы немесе E-gov және «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады. Көп азаматтарды осы электронды нұсқама арқылы тосамыз.

Б. Сатуов